Жаңалықтар

12.08.11

2011 жылдың тамыз айында AK&P мамандары «Бір және екі бағыттығы желді учаскелердегі инновациялық жел турбинасын (500 кВт) сериялы өндірісіне іске қосу үшін тәжірибе-өнеркәсіптік үлгіні жасау» жобасының бизнес жоспары мен «Алматы облысында Жоңғар қақпалары аумағында жел электр станциясының (қуаты 72 МВт) құрылысы» жобасының бизнес-жспарын жасауға кірісті.

15.06.11

2011 жылдың маусымында AK&P мамандары «Алимхан и К» ЖШС-мен «Астанада «Шарапат» психоәлеуметтік түзеу мен реабилитациялық медициналық орталығының құрылысы» жобасының бизнес-жоспары мен тұжырымдамасын жасау бойынша қызметтестігін бастады. Кеңесшілер қомақты мемлекеттік қолдау алу үшін жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттыры бойынша ұсынбақшы.

21.05.11

2011 жылдың 21 мамырында AK&P Бас Директоры Айгүл Койчуманова Астанада 20-21 мамырда өткен Еуропа Даму мен Қайта құру Банкісінің жылдық жиналысы ауқымында өткен Бизнес форумына қатысты.
Бизнес форумның 2 күндік бағдарламасы экономиканы қалпына келтіру бойынша топтарды, іскерлікті дамыту мен әйелдердің іскерлікке қатысуы, елдегі іс-шаралар мен байланыстарды орнату бойынша кездесулер мен Жак де Ларозьер құрметіне лекция, ЕДҚҚБ-нің операциялары жүретін елдердегі түрлі іс-шараларды қамтыды.

10.01.11

World Finance Review (www.worldfinancereview.com) ағылшын журналының желтоқсандық баспасында Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД елдерінің және ЕБРР, әлемдік банк сияқты халықаралық қаржы институттарының арасында алғашқы рет AK&P компаниясы қызметін жарнамалау ақпараты таратылды.

05.12.10

2010 жылдың 3-5 желтоқсанында AK&P компаниясының Директоры Айгуль Койчуманова Тегеран қаласындағы ZAMYAD зауытының өнеркәсіптік цехтарына барып, зауыттың басшыларымен ««Морпорт Актау СЭЗ» автомобильдер жинау зауыты құрылысының жобасы бойынша келісім сөздер жасасты.

«Имидж» ЖШС компаниясы жобаның инициаторы, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру жоспарлануда.

04.05.2011

2011 жылдың 3-4 мамырында AK&P ЖШС-нің өкілдері ғаламдық валюта-қаржы жүйесінің даму тетіктерін жасап шығаратын, бизнестің, интеграциялық процесстердің, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы мен инвестицияларды тартуда  қолғабыс ететін  алаңға айналған IV Астана экономикалық форумына қатысты. Бұл шарада 50-ден астам елден келген екі мыңнан көп қонақтар қатысты.

27.10.10

2010 жылдың 27 қазанында AK&P Бас Директоры Айгуль Койчуманова Rixos President Almaty отелінде ViPromotion агенттігі ұйымдастырған Бизнес Көшбасшылары Форумында спикер ретінде қатысты. «Бизнестің жол картасы-2020»  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылауда МЭРТ, Алматы қ. әкімшілігі, бизнес ассоциациялары, Альянс банк , Банк Центр кредит, «Даму іскерлікті дамыту Қоры» АҚ, кіші және орта бизнес мекемелері, консалтингтік компаниялар қатысты.

22.10.10

2010 жылдың 22 қазанында AK&P компаниясы компания  «Даму» іскерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның (www.damu.kz) Алматы қаласындағы аймақтық филиалымен Қордың қаржы-несиелік бағдарламаларын, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020»  (www.kdb2020.kz) мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде қызметтестік Меморандуміне қол қойды.

20.07.10

2010 жылдың 20 шілдесінде AK&P компаниясы KNAUF (www.knauf.com) трансұлттық компаниясымен Орта Азиядағы KNAUF аймақтық орталығының ұйымдастыру құрылымын жасап дайындау бойынша қызметтестігін бастады. KNAUF неміс компаниясы әлемнің 40-тан астам елінде бөлімшелері, 26 мыңға жуық қызметшілері бар,  жылдық айналымы шамамен 6 млрд. Евро болатын әлемдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндірушілерінің бірі.

28.05.10

26-28 мамырда AK&P Бас Директоры Айгуль Койчуманова Астана қаласында өткен KADEX-2010 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік Бірінші халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл көрмеде Қазақстандағы жеңіл көп мақсатты MD500-600 тікұшақтарын құрастыру зауытының жобасы ойдағыдай қорғалды.