Техникалы-экономикалық негіздеме мен бизнес жоспар дайындау
«Бизнес-жоспар бұл табысқа ұмтылар кәсіпкердің жол картасы болып табылады» Дэвид Бэнгс
Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар – бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Біздің мамандар Сіз үшін кез-келген бизнес-жоспардың түрін – ішкі жоспарлау үшін де (кәсіпорынның стратегиялы даму жоспары), әлеуетті инвесторлар мен несиелеушілерден қаржыландыру көздерін тарту үшін де дайындай алады. Бізге тапсырыс беру арқылы сіз белгілі бір инвесторлар үшін сапалы бизнес-жоспарға қол жеткізе аласыз.
Табысқа жеткізер бизнес-жоспарлау үшін (техниалы-экономикалық негіздеме) өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны талдау, сондай-ақ қаржы менеджерлерінің, талдаушылардың, бухгалтерлердің біліктілігі қажет. Біз әр жобаны оның ерекшеліктерін ескере отырып, инвесторлар мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нықты талаптарына сай етіп жасаймыз, ал ондай талаптардың болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта құру Банкісінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстарын ескереміз. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі (техниалы-экономикалық негіздеме) қаржылық және есеп берудің қазақстандық және /немесе халықаралық үлгіге негізделіп есептеледі.
Бизнес жоспар (техникалы-экономикалық негіздеме) дайындаудағы біздің қызметтер:
бизнес-жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау және келістіру;
Сіздің кәсіпорныңыздың қаржылық жағдайын жедел-талдауын жүргізу;
Сіздің есептік құжаттарыңыз негізінде болашақ кезеңге ақшалай ағымдарыңыздың қозғалысын жасау;
Жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау;
Маркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау;
Инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеретін бизнес-жоспар жасау;
Жобаның (Техникалық тапсырысқа сай) өзектілігін алты ай бойы сақтап тұру;
UNIDO-ның стандарттарына сәйкес Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы келесідей болуы керек:
Резюме(Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі ақпарат);
Мақсаттар мен міндеттер(жобының негізгі қағидалары / жұмыстарының жоспары);
Өнім / қызмет(өндірістің технологиясы, ерекшеліктері, сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамасыз етудің әдістері және т.б);
Нарықты талдау(саладағы жағдай, негізгі қажеткерлер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері және т.б);
Маркетинг жоспары(бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т.б.);
Өндірістің жоспары(қажетті материалдар, жабдықтар мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс технологиясы, өнімнің түрлері және т.б.);
Мамандар мен басшылар(қызметкерлер мен басшылардың ара-қатынасының сызбасы, кадрлік құрылым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың біліктілігі және т.б.);
Қажетті қаржының көлемі мен көздері(Қажетті қаржының көздері мен көлемі, оның қайтарылым шартттары, бос қаржының болуы және т.б.);
Қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау(сату көлемдерінің және пайда / шығындардың көлемін болжау, мүмкін болатын барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және белгілі-бір аймақтағы жалпы әлеуметті-саяси жағдай, онымен байланысты тәуекелдер, дебиттік және кредитттік қарыздарды қамтамасыз ету сызбалары және т.б.);
Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар / бюджет(тоқсандық ақшалай ағымдарды талдау, өнімнің өзіндік құнын анықтау, пайда мен шығындардың тоқсандық бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т.б.);
Жобаның бизнес-жоспарлауының құны мен дайындау мерзімі келесідей бірнеше факторларға байланысты:
жоспарлау үшін қажетті ақпарат – егер ақпарат жеткіліксіз болса, біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит негізінде жинауға көмек бере алады.
бизнес-жоспарлаудың алушысы – бизнес-жоспар кім үшін жасалуда: өзіңіз үшін, несиелеуші үшін, инвесторлар немесе басқа мақсаттар үшін;
Жобаның қиындығы және оны нақтылау қажеттілігі;
Тәуекелдер - тәуекелдер (қаржылық, абыройлық және т.б.), неғұрлым көп болған жағдайда Жобаны соғұрлым байсалдылықпен жасау керек.
Бизнес пен активтердің құнын бағалау
«Әр-нәрсенің шынайы бағасын білу – жоғарғы шеберлік»
Франсуа де Ларошфуко
AK&Pбизнестің құны мен кәсіпорының бағасын қамтитын қызмет көрсетеді. Табысты халықаралық компаниялардың тәжірибесі бизнестің құнын басқарылуы мен бағалауы жүйелі түрде өткізілуі қажеттілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын және стратегияны дамытуды не түзеуді мүмкін ететін ең лайықты өлшеуіші болып табылады.
Бизнесті бағалау – иесіне пайда әкелетін компанияның мүліктік кешен ретіндегі құнын анықтау. Бизнесті бағалау кезінде компанияның барлық активтерінің – жылжымайтын мүліктің, машина мен жабдықтардың, қойма қорларының, қаржылық салымдардың, материалды емес активтердің құны есептеледі. Сондай-ақ компанияның жұмысының тиімділігі, оның бұрынғы, қазіргі, келешектегі табыстары, даму перспективалары және нарықтағы бәсекелестік ортасы бөлек бағаланады. Осындай жан-жақты сараптау негізінде компанияның басқа да ұқсас компаниялармен салыстырылып, пайда әкеле алатын мүлікті кешен ретіндегі бизнестің нақты шынайы бағасы көрсетіледі.
Қосылу мен сіңісудегі қолғабыс ету
«Керекті емес қажеттіні сатып алу керек» Катон
AK&Pкомпаниялардың қосылу мен сіңісудегі келісімдердегі түрлі қызмет көрсетеді:
Сатып алуға ең тиімді әлеуетті компанияларды анықтау;
Ир компания-кандидат үшін ұтымды бағалар ауқымын анықтау;
Компанияның не сатылатын бөлімінің нарықтық құнын бағалау;
Компанияның не сатылатын бөлімінің алдын ала сатуына дайындық жұмыстарын жүргізу;
Инвестициялық меморандумды дайындау;
Сатып алушылармен қарым-қатынас жүргізу;
Келісімнің толық қаржылық сарапталуы мен салдарын зерттеу;
Сатып алушы үшін қаржылық, салықтық, заңгерлік сараптауларды жүзеге асыру (due diligence). Толық сараптама кезінде біз қажеткерлерімізге тек қатерлерді анықтап қана қоймай, оларды азайту, не жою жөніндегі кеңестерді ұсынамыз.
Келісімнің құрылымын дайындау
Сатып алушыға келісімді аяқтау мен барлық келіссөздерді жүргізу қызметтері.
Реттеуші орындардағы түрлі рұқсаттамаларды алуға көмек
Бизнестің сатып алынғаннан кейінгі кірігу жұмыстарына көмек.
Қаржылық сауықтыружәне дағдырысқа қарсы менеджмент
«Дағдарыс сөзінің қытайша жазылуы 2 иероглифтан тұрады: бірі «қауіп» дегенді білдірсе, екіншісі «қолайлы мүмкіндік»» Джон Кеннеди
AK&P компаниясының қаржылық сауықтыру бойынша қызметтері:
Қаржылық ахуалдың және шаруашылық қызметінің сарапталуы
Несиелеушінің тапсырысы бойынша қарыздардың қызметін тәуелсіз сараптау
Компанияның қаржылық тұрақтандыру бағдарламасын дайындау мен жүзеге асырудағы көмек
Дағдарысқа қарсы басқаруды дайындау және ұйымдастыруды жүзеге асыру
Ақша ағымдарын қадағалауды жақсарту
Қаржылық және операциялық қайтақұрылымның жоспарын дайындаудағы кеңес беру
Көзделмеген жағдайлар кезіндегі жоспарлау
Қарыздар бойынша шағымдарды реттеудегі, соның ішінде несиелеуші мен қарыздар арасындағы келіссөздердегі көмек
Қаржылық тұрақтандыру мен сауықтырудағы стратегияны дайындау, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы көмек
Мекеменің қайтақұрылуы мен корпоративті қайта ұйымдастыру кезіндегі кеңес беру.
Инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын ұйымдастыру
«Қаншама істер жүзеге аспайынша мүмкін еместей көрінген»
Плиний Старший
Қаржы дағдарысы жағдайында отандық компаниялар үшін өте қажетті әрі маңызды мәселе - мекеменің тұрақтылығы мен одан әрі өсуін қамтамасыз ететін қаржыландыруды тарту болып отыр. AK&P мамандарының осы бағыттағы жұмысы осы қаржыландыруды тартудағы ең тиімді жағдайларына мүмкіндік туғызу мен әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынастарды үдету.
AK&P қызметіндегі ерекше орынды несиелік мекемелермен, халықаралық қаржы даму институттарымен (ЕҚДБ мен Әлемдік банк), БҰҰ-ның Киот Хаттамасы механизмі мен Қазақстанның коммерциялық банктерімен өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату алады.
Жетекші қазақстандық және кейбір шетелдік несиелік мекемелермен аумақты іскерлік байланыстар, сондай-ақ AK&P мамандарының несиелік қорлар мен инвестицияларды тартудағы айтарлықтай тәжірибесі қаржыландыруды ұйымдастыруда едәуір табыс мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Компания мамандары түрлі салалардағы – мұнай шығару, электр өндіруден бастап, өндірістің авиациялы-техникалық, су шаруашылығы сияқты түрлі салаларындағы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе жинаған.
Қаржыландыруды тартудағы көрсетілетін қызметтер:
Инвестициялқ жобаны сараптау;
Инвестораларға жоба жөнінде материалдар, Техника-экономикалық негіздемені, бизнес жоспарды даярлау;
Инвесторларды іздеу және олармен тілдесу;
Келісімнің негізгі шарттарын, құрылымын дайындау және қиыстыру.
Стратегиялы дамудың бағдарламасын дайындау
"Стратегиялы жаңылыстарды күнделікті табыстармен орнын толтыру мүмкін емес"
Фельдмаршал Карл фон Клаузевиц
Бүгінгі күнгі, бір жағынан, қазақстандық іскерліктің кемелдігінің өсуі және екінші жағынан, бәсекелестіктің негізгі нарықтардың буындықтауымен күшейуі – отандық кәсіпорындардың басшыларын стратегиялы жоспарлау қажеттілігі жөнінде ой тудырады.
AK&P компаниясы бәсекелестік басымдылықты арттыру мен бизнестің ең жоғарға құнына жетуге бағытталған даму стратегиясын дайындай алады.
AK&P мамандары ұсынатын шешімдер компанияның бизнесін жан-жақты әрі әбден талдап, сондай-ақ сыртқы ортаны зерттеуге негізделеді.
AK&P ұсынатын стратегиялы даму бағдарламасын дайындаудағы қызметтер шебі келесідей:
Компанияның нарықтық ортасын зерттеу;
Кәсіпорынның ішкі – стратегиялы әрі портфельді терең сараптамасын жүргізу;
Компанияның бәсекелестік орнын және бәсекелестердің қызметін талдау;
Жан-жақты талдау мен сараптама негізінде стратегиялы мақсаттар көзделіп, оларды жүзеге асыру жолдарын айқындау.
Стратегиялы даму кеңестерін енгізу және оны жүзеге асыру шаралары AK&P мамандарының тікелей қатысуымен жүреді, бұл кәсіпорынға стратегиялы жоспарлаудан ең улкен тиімділігіне қол жеткізеді.



