Компания жайлы

AKoichumanova&Partners (AK&P) Компаниясы Қазақстан нарығында 2004 жылы қызметін бастады. Өткен уақыттан бері AK&P мамандары ондаған ауқымды жобаларды іске асырып, авиациялы-техникалық, энергетика, көлікті-логистика, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, мұнай-газ секторы, су шаруашылығы және т.б. салаларда тәжірибе жинады.

AK&P Компаниясы қаржылық және инвестициялық кеңес беру қызметтерінің келесідей толық ауқымын жүзеге асырады: маркетингтік зерттеулерді дайындау, ТЭН (техникалы-экономикалы негіздеме) даярлау, кәсіпорындардың толық қаржылық сараптауын жүргізу, инвестициялық меморандумды жасау және бизнес жоспарлау, сондай-ақ жобаларды инвесторлар мен қаржыландырушылар алдында қорғауда көмек көрсету.

AK&P, сондай-ақ, фирманың бәсекелестік басымдылығын арттыруға, бизнестің ең жоғарғы құнына жетуге бағытталған даму стратегиясын дайындай алады.

AK&P Компаниясы Еуропалық Даму және Қайта құру Банкісінің (EBRD) BAS (Business Advisory Services) (www.basp.biz) бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсететін еліміздің кеңестік компаниялар тізіміне енген. Бұл қажеткерлерге AK&P компаниясының сапалы қызметтерін арзан бағаға иеленуіне септігін тигізеді. Компания қызметтерін кең географиялық аумақта көрсетеді. Алматыда орналасқан басты офистен басқа, компанияның Ақтауда бөлімшеcі ашылған.

AKoichumanova&Partners Компаниясының PUM (www.pum.nl) бағдарламасы арқылы және Еуропа Кеңесі, БҰҰ мен Еуропалық Кеңес мемелекеттерінің үкіметтері қаржыландыратын CESES (www.ceses.net) ұйымы арқылы Еуропаның ең білікті кеңесшілерін тартуына мүмкіндігі бар.

AKoichumanova&Partners Компаниясының Нидерланд елінің Үкіметі, Еуропа Одағы, голландиялық ең ірі жұмыс берушілер ұйымы VNO-NCW, басқа да халықаралық мекемелер мен БҰҰ қаржыландыратын PUM бағдарламасы арқылы Еуропадан ең тәжірибелі сарапшылар мен кеңесшілерді тартуына үлкен мүмкіндіктері бар.

AK&P өз мамандарының үздіксіз біліктілік дәрежесін көтеру, қызметтерінің ауқымының кеңейуі, заңгерлік, қаржылық, бағалау, брокерлік компаниялармен, сондай-ақ салық құрылымдарымен серіктестігі арқылы бизнес ортаның кез-келген сырттай өзгерулеріне тез икемделе алады.

 

Компания міндеті

«Бизнес-кеңесшілердің әрекет өрісі - өндіріс пен коммерция. Дала гүлдерін аралар тозаңдандыратындай, бизнес-кеңесшілер де бір мекемеден басқаға ұшып-қонып,  олардың гүлденуі мен кеңейуіне себепші болады.» Паркинсонның бизнес-кеңесшілердің маңызы жөніндегі жазбаларынан.

Біз компанияның шетелдерде оқыған, түрлі қаржы құрылымдарында, халықаралық мекемелерінде, қазақстандық және ТМД елдерінің инвестициялық компанияларда жұмыс істеген, тәжірибелі әрі білікті мамандары арқасында бизнесті басқару жөнінде кеңестерді және әсері көп көмекті ұсынамыз.

Біз ұсынған шешімдердің тиімділігіне AK&P мамандарының бір жағынан қазақстандық кәсіпорындардың негізгі проблемаларын бизнес жүргізудің ұлттық ерекшіліктерін толық түсіну, екінші жағынан, халықаралық алғы шепкі тәжірибе мен технологияларды қолдануы септігін тигізеді.