AKoichumanova&Partners (AK&P) Командасы
Компанияның табысы мен беделі мамандарының үлкен тәжірибесі мен біліктілігіне негізделген.
AK&P Командасы аудиттегі, маркетингтік зерттеулердегі, есепті жүргізудегі, қаржылық талдаудағы, бизнес жоспарлаудағы жобаларды басқарудағы және т.б білімі зор жоғары білікті мамандардан құралған. Олардың тәжірибесі Қазақстанда және шет елдерде кәсіби іс-жұмыстарында жиналып, нарықтық экономика жағдайында салалардың даму мүмкіндіктері мен бизнестің мәселелеріне аса назар аударуына салалық ерекшеліктеріндегі терең білімдері мүмкіндік береді.
Койчуманова Айгүл Азатовна — AK&P-ның Бас директоры.
Фрунзе Политехникалық Институтын бітірген, Бішкек, Қырғызстан.
Экономист, жоба-экономикалық бөлімнің бастығы болып ірі құрылыс компанияларында жұмыс істеген. 6 жылдан астам «Кыргызэнергохолдинг» АҚ-ның Қаржы Директоры болған. Лондонда, Венада, Мәскеуде сынақ мерзімдерін өткізген. 7 жылдан астам уақыт Бішкектегі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісінің Өкілдігінде және Лондондағы Энергетика Департаментінде жоғарғы банкир болып істеді. 2004 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеуде, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ-нәң жобалар менеджері болған. 2005 жылдан бастап «Алматы Халықаралық Иуежайы» АҚ-ның Президентінің қаржылық кеңесшісі. AK&P компаниясының жалғыз құрылтайшысы, әрі Бас Директоры.
Тілдер білу деңгейі: орысша, ағылшынша -еркін, қазақша- орташа
Александер Бузаарт – кеңесші, сүт шаруашылығы бойынша маман
Нидерланд ауыл шаруашалық колледжін сү шаруашылығы мамандарының курстарын бітірген. Nestle концернінің голландиялық компаниясында, Campina компаниясының голландиялық және ресейлік бөлімшелерінде, сондай-ақ Lactalis компаниясының қазақстандық бөлімшесінде жұмыс істеген.
2009 жылдан бастап Алматыдығы Райымбек Групп компаниясының сүт өнімдерін шығару бойынша кеңесші. Мамандануы: сүт шаруашылығы, тағам өнімдерін өндіру, мекемені басқару, мекемені құрылымдық қайта құру, сапаны бақылау, өндірістің тиімділігі, шығындарды оңтайландыру.
Тілдер білу деңгейі: голландияша, ағылшынша, немісше – еркін, орысша – жақсы.
Шамшатова Амангүл Нурадиновна — жобалар менеджері
Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (Қаржы және несие бөлімі, мамандануы - банк ісі) бітірген.
1998 жылдан бастап «КазкоммерцБанк» АҚ-ның маманы және 1-дәрежелі менеджері, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ-ның жобалар менеджері. 2006 жылдан бастап «Mobile Telecom - Service» ЖСС-де қаржы мнеджері.
Тілдер білу деңгейі: қазақша – ана тілі, орысша – еркін, ағылшынша – орташа.
Медетбекова Жамиля — қаржы менеджері
Халық Шаруашылығы Институтын бітірген.
Бұрынырақта Лондондағы PATH National Ltd компаниясының қаржы директоры, Тегеранда ЭКО хатшылығында бас бухгалтердің орынбасары, Иран. Тегерандағы Қазақстан Республикасының елшілігінің Бас бухгалтері. Сондай-ақ Алматыда USAID-те, Ernst & Young компаниясында жалпы жекешелендіру жобаларында жұмыс істеген.
Тілдер білу деңгейі: қазақша, орысша, ағылшынша – еркін, парсы – жақсы.
Нарембаев Мұрат Құсанович — мұнайгаз секторы, кеңесші
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Политехникалық Институтын «геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. 1974 жылдан бастап мұнайгаз секторында жұмыс істейді.
Қазақстанның түрлі облыстарында келесідей мұнай және газ кен орындарындарын игеру жұмыстарына қатысқан: Маңғыстау обл (Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Асар, Тасболат, Оймаша, Ракушечное, Алатөбе, Арыстановское, Шағырлы-Шомышты және т.б.), Актобе обл. (Шығыс Мортук), Атырау обл. (Новобогатинск, Западный, Караган, Қожа, Южный), Жамбыл обл. (Амангелді).
Тілдер білу деңгейі: қазақша, орысша – еркін.
Локтин Игорь Анатольевич — құрылыс, кеңесші
Жамбыл Гидромелиаративті және Құрылыс Институтын, сондай-ақ Куйбышев ат. Мәскеу Инженерлі-құрылыс Институтын бітірген. Мәскеу Ғылими зерттеу Институты жанындағы Бетон және темірбетон Институтының аспирантурасын бітірген. КСРО Халық Шаруашылық Жетістіктер Көрмесінің қола медалімен марапатталған.
Бұрынырақта «Эликон» өндірістік бірлестігінің инженер-контсрукторы, «Монолит Инжиниринг» өндірістік бірлестігінің техниалық директоры, «Сертико» сауда үйінің директоры. 2005 жылдан «КНАУФ Капчагай гипс» компаниясының техникалық басшысы.
Тілдер білу деңгейі: орысша- ана тілі, немісше-жақсы.
Субанкулова Айя – креативтік директоры
Бішкек қаласындағы Менеджмент мамандығы бойынша Бішкек Қаржы-Экономикалық Академиясын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: 2002 жылдан бастап - кеңес беру компанияларында, сонын ішінде АК&P
2004-2006 жылдары Қазақстандағы PUM программасынын Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша уәкілі, Шымкент қаласы
2006-2009 жылдары Орталық Азиядағы үлкен заң фирмаларының бірі "GRATA" фирмасының Бизнес Даму Кеңесшісі
2009 жылдан бастап AK&P компаниясының креативтік директоры
Тілдер білу деңгейі: орысша - еркін, ағылшын, қазақша - жақсы, итальян тілі - бастапқы
Ташбаев Ырысбек Эгембердиевич
Фрунзе политехникалық институтын өте жақсы бітіріп, Мәскеу автомобиль-жол институтында аспирантурасын бітірген. Техникалық ғылымдар кандидаты. Логистика мен жеткізу тізбесін басқару бойынша Англия, Голландия, Германия, Бельгия (Еуропа Кеңесінің TACIS жобасы аясында) компаниялары мен институттарында тәжірибелік сынақтардын өткен.
«А ДАН ДЗО»кеңестік компаниясында даму бойынша директор болып, ірі ресейлік компанияларда логистикалық аудит жүргізген. Мәскеуде Тауар қозғалу мен көтерме нарығының байланыстыру Институтының (ИТКОР) даму бойынша директордың орынбасары болып істеген.
2007 жылдан «Логистикалық аудит пен Консалтинг Сервис» (Холдинг STS Logistics), Мәскеу компаниясының Бас Директоры.
Тілдер білу деңгейі: қырғыз, орыс тілдері – еркін, ағылшынша – жақсы.
Және тағы басқа жоба бойынша жұмыс істейтін мамандар.



