“Қазақстанның жасамыс кеңесшілері“
«Қазақстанның жасамыс кеңесшілері», «Опытные консультанты Казахстана», Kazakhstan senior experts,(KSE) – бұл экономикалық дағдарыс кезіндегі еліміздің түрлі аймақтарындағы кіші және орта бизнеске қомақты, әсерлі көмек көрсетуге арналған коммерциялы емес ұйым.
KSE еліміздің аға буын мамандардың және Еуропаның алдынғы қатарлы жасамыс сарапшыларының тәжірибесі мен парасатын қолдануға мақсат етіп отыр, сондай-ақ «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына болысу.
Мақсаттар
- Қазақстанның зейнеткерлік және зейнеткерлікке таяған жастағы жоғары білікті мамандар мен мекемелердің басшыларына қоғам өміріне белсене қатысып, өздерінің білімі мен біліктілігін Қазақстанның аймақтарындағы , сондай-ақ ТМД елдеріндегі кіші және орта бизнес мекемелеріне жеткізулеріне мүмкіндік туғызу.
- CESES Еуропалық жасамыс кеңесшілері конфедерациясының ұйымдарымен іскерлік қатынастар орнатып, олармен ұзақ мерзімді ынтымақтас болу.
- Кіші және орта бизнес мекемелерінің меншік иелері мен басшыларына заманауи қор сақтау технлогиялары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі табысты шешімдерді енгізулерін ынталандыру.
Міндеттер
- Еуропадан тәжірибелі менеджерлер мен іскерлік-сарапшыларды тартып, еліміздің аймақтарында кіші және орта бизнес мекемелеріне өз ісін тиімді басқарудың тәжірибесін үйренуіне мүмкіндік туғызу.
- Қазақстан мен ТМД-ның жоғары білікті мамандарының дерекқорын еліміздің аймақтарындағы және ТМД-дағы экономиканың дамуына бағытталған олардың білімі мен тәжірибесін қолдану мақсатында құру.
- CESES конфедерациясының ұйымдарының Business links бағдарлаларына қатыса отырып, еуропалық компаниялармен серіктестік қатынастар мен байланыстар орнату арқылы кіші және орта бизнес мекемелерінің қызметкерлерінің ғылым-білім өрісін кеңейту.
Кіші және орта бизнес мекемелерінің энергияның, шикізаттың, судың қорларын сақтаушы технологияларды іздеп табуда, оларды енгізуде, сондай-ақ экологиялық шараларда кеңес беруде қолғабыс ету.



