Біздің тәжіребіміз – Сіздің табысыңыздың кепілі!

Компания жайлы

AKoichumanova&Partners (AK&P) Компаниясы Қазақстан нарығында 2004 жылы қызметін бастады. Өткен уақыттан бері AK&P мамандары ондаған ауқымды жобаларды іске асырып, авиациялы-техникалық, энергетика, көлікті-логистика, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, мұнай-газ секторы, су шаруашылығы және т.б. салаларда тәжірибе жинады.

AK&P Компаниясы қаржылық және инвестициялық кеңес беру қызметтерінің келесідей толық ауқымын жүзеге асырады: маркетингтік зерттеулерді дайындау, ТЭН (техникалы-экономикалы негіздеме) даярлау, кәсіпорындардың толық қаржылық сараптауын жүргізу, инвестициялық меморандумды жасау және бизнес жоспарлау, сондай-ақ жобаларды инвесторлар мен қаржыландырушылар алдында қорғауда көмек көрсету.

AK&P, сондай-ақ, фирманың бәсекелестік басымдылығын арттыруға, бизнестің ең жоғарғы құнына жетуге бағытталған даму стратегиясын дайындай алады.

AK&P Компаниясы Еуропалық Даму және Қайта құру Банкісінің (EBRD) BAS (Business Advisory Services) (www.basp.biz) бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсететін еліміздің кеңестік компаниялар тізіміне енген. Бұл қажеткерлерге AK&P компаниясының сапалы қызметтерін арзан бағаға иеленуіне септігін тигізеді. Компания қызметтерін кең географиялық аумақта көрсетеді. Алматыда орналасқан басты офистен басқа, компанияның Ақтауда бөлімшеcі ашылған.

AKoichumanova&Partners Компаниясының PUM (www.pum.nl) бағдарламасы арқылы және Еуропа Кеңесі, БҰҰ мен Еуропалық Кеңес мемелекеттерінің үкіметтері қаржыландыратын CESES (www.ceses.net) ұйымы арқылы Еуропаның ең білікті кеңесшілерін тартуына мүмкіндігі бар.